Туроператорлар туристердің қаражатын қайтара алмай жатыр

1172

Мәмілеге келуге уақыт қажет.

Туроператорлар туристердің қаражатын қайтара алмай жатыр

Мәдениет және спорт министрлігі туризм индустриясы комитетінің төрағасы Дастан Рыспековтің мәлімдеуінше, ел азаматтарының жаппай, бір мезетте туристік жолдамаларының ақшасын кері қайтаруын талап етуі туроператорларды тығырыққа тіреді.

"Авиакомпаниялар мен қонақ үйлер өздерінің шарттары бойынша туроператорлардан алдын-ала төлем алады. Бұдан бөлек туроператорлар туристердің сапарын ұйымдастыру шараларына шығындалады. Осының барлығына белгілі мөлшерде қаржы жұмсалады. Сонымен қатар қазір туроператорлардың авиакомпаниялар мен қонақ үйлердің алдында айыппұл міндеттемесі туып отыр. Туроператорлар туристердің қаражатын қайтару үшін серіктестерімен келіссөз жүргізуде. Мәмілеге келуге біршама уақыт қажет", – деді Дастан Рыспеков.

Қанат Махамбет

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу