Тұтқындағы израильдіктер саны 212-ден 222-ге дейін өсті

361

Израиль қорғаныс армиясы (ЦАХАЛ) бүгін, 23 қазанда ХАМАС қозғалысы содырларымен кепілге алынған адамдар саны туралы ақпаратты жаңартты.

Тұтқындағы израильдіктер саны 212-ден 222-ге дейін өсті Фото: ТСН

ЦАХАЛ мәліметтері бойынша Газа секторына 222 адам көшірілді. Бұған дейінгі деректерде олардың саны деп көрсетілген еді, деп жазады Inbusiness.kz.

"Бұл көрсеткіш барлау мәліметтеріне сәйкес нақтыланып, өзгертіліп отырады, олардың арасында шетелдік азаматтардың болуы есеп жүргізуде біраз кедергі келтіреді, өйткені оларды жіктеуге және олардың кім екенін анықтауға көп уақыт кетеді. Сондықтан ақпарат өзгертіліп, бірнеше күнде олардың саны өсті", — деді ЦАХАЛ өкілі контр-адмирал Даниэль Хагари. 

Өткен жұмада ХАМАС екі америкалық кепілге алынған Джудит Тай Раанан мен 17 жасар қызы Натали Раананды босатты.

Израиль билігінің мәліметі бойынша, ХАМАС содырлары өздерінің ауқымды шапқыншылығы кезінде 1400-ден астам адамды өлтірді, оның ішінде бейбіт тұрғындар (құрбандардың басым көпшілігі бейбіт тұрғындар) және әскери адамдар.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу