Тұтынушыларға арналған бірыңғай платформа іске қосылады

824

Е-commerce орталықтарының қатары көбейеді.

Тұтынушыларға арналған бірыңғай платформа іске қосылады

Үкімет отырысында сауда және интеграция министрі тұтынушылардың құқығын қорғау үшін ерекше жағдай жасалатынын жариялады. 

"Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы заңның жаңа нормалары шеңберінде министрлік "бір терезе" қағидаты бойынша тұтынушылардан шағым қабылдаудың бірыңғай платформасын іске қосуды көздейді. Ол тұтынушыға өз құқықтарын қорғауға, сондай-ақ білімін және бизнес мәдениетін онлайн режимде жетілдіруге мүмкіндік береді. Бүгінгі таңда тұтынушылардың құқықтарын қорғау бойынша маркетплейс тақырыбы Дүниежүзілік сауда ұйымының, Еуразиялық экономикалық одағы мен Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының күн тәртібіндегі тренд екенін атап өту керек", – деді Бақыт Сұлтанов.

Министрдің мәлімдеуінше, сауданы дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде сауданы дамытудың мониторингі мен талдауының бірыңғай ақпараттық-талдау жүйесін құрылады, электронды сауда нарығының статистикалық есебі жүргізіліп, талдамалық және маркетингтік зерттеулер жетілдіріледі, электрондық платформаларды  дамытуға басымдық беріледі, фулфилмент орталықтарының желісі кеңейтіледі. Бұған қоса e-commerce орталықтарының қатары көбейеді. 

Мұнда кәсіпкерлердің білімі мен білігі жетілдіріледі. 

Қанат Махамбет
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу