Туыстары жоғалған альпинистер тірі деп үміттенеді

1643

Қырғызстан тауларында жоғалған альпинистердің туыстары оларды уақытынан бұрын жерлемеуді сұрады.

Туыстары жоғалған альпинистер тірі деп үміттенеді

Бұған дейін Алматы альпинизм федерациясы білдірген пікірге Мұрат Өтепбаев пен Андрей Корнеевтің туыстары жауап берді.

"Кеше көптеген жаңалық арнасы біздің отбасымызға уақытынан бұрын көңіл айтты. Бірақ сіздер біздің отбасымызды толық білмейсіздер. Біздің әулеттің әйелдері қаласа Жерді кері айналдыра алады!",– деп жазды Мұрат Өтепбаевтің әпкесі Зәуре Жүндібаева өзінің Фейсбук парақшасында.

Ол шын жүрегімен қаласа, бәрі мүмкін екенін, жоғалған альпинистердің тірі табылуынан үміт үзбейтіндерін жеткізген.

"Іздеу жұмыстары жалғасуда. Альпинистердің өліміне қатысты ақпаратты жоққа шығаруды талап етемін. Іздеу жұмыстары жүргізіліп жатқан кезде адамдарды уақытынан бұрын жерлеуге болмайды",– деп жазды ашына.

Еске сала кетсек, 22 тамыз күні "Казавиаспас" тікұшағы Победа шыңын 14 рет айналып шыққан болатын. Құтқарушылар тауға 70 метрге жақындап, іздестіргенімен, еш нәтиже бермеген еді.

"Құтқару тобының басшысы Василий Пивцовтың сөзінше, тауды сырттай қарап шығу, тепловизорды қолданып іздеу жұмыстарын жүргізу еш нәтиже бермеді. Ешқандай тірі адамдардың белгісі немесе денесі табылған жоқ",– дейді ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.

Қазіргі кезде құтқару тобы Қарқара лагерінде. Белгілісі бүгін тікұшақ аспанға көтерілген жоқ. Жоғалған альпинистердің туыстары ресми мәлімдеме жасау үшін баспасөз мәслихатын өткізбек.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу