ТЖ кезінде құжатын ауыстыра алмағандар 10 шілдеге дейін үлгеру керек

590

Төтенше жағдай режимі аяқталғаннан кейін СҚО көші-қон қызметінің қызметкерлері 9 944 адамға жеке куәлік пен паспорт ресімдеген.

ТЖ кезінде құжатын ауыстыра алмағандар 10 шілдеге дейін үлгеру керек

Солтүстік Қазақстан облысының облысының 700 жуық азаматына құжат үйлеріне жеткізілді, деп хабарлайды Polisia.kz.

Мүмкіндігі шектеулі және егде жастағы азаматтарға құжат үйлерінде берілген.

"Облыстың көші-қон қызметінің қызметкерлері "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы КЕАҚ қызметкерлерімен бірлесіп осы санаттағы азаматтарды құжаттандыру үшін қаладан басқа, шалғайдағы ауылдық округтерге де шықты", – дейді СҚО ПД Көші-қон қызметі басқармасының бастығы Талғат Әбілов.

Жеке куәлігі берілген сәттен 10 жыл өтіп, құжат мерзімі аяқталған 101 жастағы Уәлиханов ауданы Қайрат ауылының тұрғыны Көкіл Жақыповаға қызмет үйінде көрсетілді.

Барлығы 2020 жылдың басынан 30 мыңға жуық солтүстікқазақстандық жеке басын куәландыратын құжат алды. Төтенше жағдай режимі аяқталғаннан кейін облыстық көші-қон қызметінің қызметкерлері 9 944 адамға жеке куәлік пен паспорт ресімдеген.

Мамандар ТЖ режимі кезеңінде құжат мерзімі өткен азаматтар 10 шілдеге дейін құжаттарын ауыстыру қажеттігін еске салады.

600-ге жуық шетелдік жыл басынан бері Қазақстанда тұрақты тұруға арналған рұқсат пен тұру ыхтиярхатын алған, олардың дені Ресей Федерациясының азаматтары.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу