ТЖ кезінде жұмыс орнын тастап кеткен тәртіп сақшыларына қандай жауапкершілік көзделген?

532

Депутат Ерлан Сайыров Мәжілісте "Әскери полиция органдары туралы" заң жобасын талқылау барысында құқық қорғау органдары қызметкерлерінің жауапкершілігі мәселесін көтерді, деп жазады Inbusiness.kz.  

ТЖ кезінде жұмыс орнын тастап кеткен тәртіп сақшыларына қандай жауапкершілік көзделген? Фото: inbusiness.kz

"Қаңтардағы қайғылы оқиғалар кезінде Талдықорған қаласында, Жамбыл және Қызылорда облыстарында кейбір қызметкерлер қызметтік орындарын тастап кетті. Осы тұста прокуратура өкілдеріне келесі сұрағым бар. Бұл органдардың басшыларына қатысты қандай шаралар қабылданды? Тергеу нәтижелерімен қашан танысамыз?", - деп сұрады халық қалаулысы Мәжілістің пленарлы отырысында.

Бас прокурордың орынбасары Жандос Өмірәлиевтің айтуынша, құзыретті орган қаңтар оқиғасы бойынша ай сайын ақпарат беріп отыр.

"Қанша қылмыстық іс қозғалды, қанша адам жауапқа тартылды – барлығы бойынша ақпарат беріп отырамыз. (...) Сіздің құқық қорғау органдары қызметкерлерінің өміріне немесе денсаулығына қауіп төнген жағдайда жұмыс орындарын тастап кетуіне, сондай-ақ өкілеттіктерін асыра пайдалануына қатысты сұрағыңызға келер болсақ. Қылмыстық кодекске тұлғалардың жауапкершілігі көзделген жаңа бап енгізілді. Мұнда нақты 10 жылға дейін (ред. - бас бостандығынан айыру) деп көзделген. Толық ақпаратты бөлек ұсына аламын", - деді Жандос Өмірәлиев.

Еске салайық, осыған дейін әскери полиция органдарының құзыретіне өзгертулер енгізілетінін жазған болатынбыз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу