ТЖД: Алматыдағы сел қаупіне алаңдауға негіз жоқ

1180

Сел жүру қаупіне байланысты Наурызбай ауданында эвакуациялау пункттері белгіленген. 

ТЖД: Алматыдағы сел қаупіне алаңдауға негіз жоқ

Алматыдағы сел қаупіне алаңдауға негіз жоқ. Қалалық төтенше жағдайлар департаменті Қарғалы өзеніне қатысты толық ақпарат берді. Мәлімет бойынша, қазір Қарғалы өзеніндегі судың тасуы байқалмайды. Өзен деңгейі секундына 20 текше метр су жіберуге дейін тұрақталды. Өзен маңында тұрған бөгеттегі қазіргі жағдай туралы Atameken Business тілшісі Әнуар Кәрбозов баяндайды.

Сондай-ақ, сел жүру қаупіне байланысты Наурызбай ауданында эвакуациялау пункттері белгіленген. Оның біреуі Жандосов-Рысқұлов көшелерінің қиылысындағы Ескі әкімшілікте орналасқан. Сондай-ақ, тұрғындар Шахмерденов атындағы 175 мектепті паналай алады. Тағы бір бекет Жандосов – Ясауи көшелерінің қиылысындағы 158 мектепте орын тепкен.

Еске сала кетсек, бүгін Наурызбай ауданының тұрғындары әбігерге түсті. Қарғалы өзенінен қауіп төніп, халық эвакуацияланды. ​

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу