Ол кеше қалада қар жауып, боран соққанын атап өтті.
"Осыған байланысты елорда тұрғындарына, әсіресе жеке тұрғын үй секторындағы тұрғындарға, КСК (ПИК) төрағаларына айтарым бар. Ауланы қардан уақытында тазалап отырыңыздар. Бұл су тасқыны қаупін алдын алуға септігін тигізеді. Сондықтан осы талапты орындауларыңызды сұраймыз", - деді Бауыржан Бейсенқанов елорда әкімдігінде өткен баспасөз мәслихатында.
Айта кетейік, осыған дейін елордада 29 учаскеге су басу қаупі төніп тұрғаны хабарланған еді.
Дәурен Ерболат
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу