ТЖМ басшысы су тасқынына қарсы дайындық барысын тексерді

149

Солтүстік Қазақстан облысындағы су тасқынына қарсы күрес тәулік бойы жүргізіліп жатыр.  

ТЖМ басшысы су тасқынына қарсы дайындық барысын тексерді Фото: gov.kz

Төтенше жағдай министрі Шыңғыс Әрінов Қызылжар ауданының Тепличное, Прибрежное, Ольшанка ауылдарына, сондай-ақ Петропавл қаласының Заречный кентіне барды, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Министр ТЖМ бөлімшелері жергілікті атқарушы органдармен, құқық қорғау органдарының күштерімен, Қорғаныс министрлігінің әскери қызметшілерімен және еріктілермен бірлесіп қорғаныс құрылыстарын нығайту, су айдау және тұрғын үйлер мен инфрақұрылымды тасқын сулардан қорғау бойынша қабылдаған шарасымен танысты.

ТЖМ қызметкерлері жүзу құралдарымен ауыл тұрғындары үшін азық-түлік тасымалдап жатыр. Жұмыстарға 234 адам және 25 бірлік техника – ҚР ТЖМ, ЖАО және ІІМ күштері жұмылдырылған.

Сондай-ақ қорғаныс біліктерінде нығайту жұмыстарына инспекция жүргізді, жедел топбасшыларының ағымдағы жағдай, Есіл өзеніндегі су деңгейінің мониторингі барысы және гидротехникалық құрылыстардың жай-күйі туралы баяндамаларын тыңдады.

Су тасқынына қарсы штабтардың жұмысы тәулік бойы жалғасуда, ахуалға мониторинг тұрақты негізде жүзеге асырылады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу