ТЖМ: Қостанай облысында жолда қалған 21 адам құтқарылды

446

Өткен тәулікте Қостанай облысының тас жолдарында авариялық-құтқару операциялары жүргізіліп, 21 адамға көмек көрсетілді.  

ТЖМ: Қостанай облысында жолда қалған 21 адам құтқарылды Фото: gov.kz

2023 жылғы 9 наурыз күні 04:10-да Қарасу ауданындағы облыстық маңызы бар "Қарасу-Большая Чураковка" автожолының жабық учаскесінің 10-шақырымында ТЖД жеке құрамының 2 адамы бар КУНГ арнайы техникасымен қар құрсауынан 2 жеңіл автокөлік жолдың тазартылған учаскесіне дейін сүйреп әкелінді. 6 адам құтқарылды, оның ішінде 3-еуі бала. Адамдарға медициналық көмек қажет болмады, деп хабарлайды inbusiness.kz ҚР ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Дәл сол күні сағат 05:15-те Алтынсарин ауданының ТЖ бөліміне Щербаков ауылынан 5 шақырым жерде аудандық маңызы бар автожолда 12 жолаушысы бар 4 автокөлік жолда тұрып қалғаны туралы шұғыл хабарлама келіп түсті. Көп ұзамай оқиға орнына құтқарушылар келіп, жолаушыларды жол талғамайтын УАЗ көлігіне тиеді. Құтқарылған азаматтар Щербаков орта мектебінің жылыту пунктіне аман-есен жеткізілді.

2023 жылғы 9 наурызда сағат 06:05-те Меңдіқара ауданындағы аудандық маңызы бар автожолда Каскат ауылынан 7 шақырым қашықтықта ТЖД күштерімен жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп қар құрсауынан 3 адам құтқарылды. Жолаушылары бар жеңіл автокөлікті жолдың тазартылған учаскесіне сүйреп шығарып, Ломоносов ауылдық округінің әкімдігінің жылыту пунктіне алып барды.

Бұдан бұрын 8 наурыз күні сағат 16:20-да Амангелді ауданында өтімділігі жоғары Нива-БРОНТО техникасымен құтқарушылар апатты электр беру желісінің үзілу авариясын жою мақсатында Амангелді АЭЖ қызметкерлері бригадасын жеткізу үшін Қарынсалды ауылына барды.

Қостанай облысының ТЖД тұрғындарға ауа-райы нашарлаған жағдайда елді мекендерінен тыс жерлерге шықпауды сұрайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу