ҰБТ-да "Алтын белгіні" растау талабы алынып тасталды

1131

ҰБТ-да "Алтын белгіні" растау талабы алынып тасталды

Бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде Ұлттық бірыңғай тестілеудің жаңа форматын танысту мақсатында баспасөз-конференциясы өтті, деп хабарлайды 24 Хабар.

ҚР білім және ғылым министрлігі жүргізген ауқымды талдамалық жұмыс аясында өңірлерге шыға отырып мұғалімдермен, білім саласы мамандарымен және ата-аналармен 30 кеңес өткізілді. Осы жұмыстың нәтижесі ретінде ҰБТ-ны екі кезеңге бөлу туралы шешім қабылданды.

Қорытынды аттестаттау – мектепті бітіру емтиханы, ал ҰБТ – ЖОО-ға түсу емтиханы ретінде бөлек өткізілмек. Қорытындың аттестаттау мектепте 5 пән бойынша (4-еуі – міндетті және бір пән таңдау бойынша), мектептегі оқыту бейіні ескеріле отырып өткізіледі. Түлектер барлық емтиханды мектепте тапсырады. Бұрын тест сұрақтарын облыстық білім басқармасы дайындаса, енді бұл міндет Ұлттық тестілеу орталығына жүктелмек.

"Алтын белгі" беруді мектептердің өздері жүзеге асыратын болады. ҰБТ-да "Алтын белгіні" растау қажет етілмейді. Ұлттық бірыңғай тест ЖОО-ға түсу емтиханы және мемлекеттік гранттарды бөлу жүйесі ретінде сақталады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу