"ҰБТ тапсыруға барған": Алматыда субұрқақта қайтыс болған жігіт мектеп түлегі болып шықты

631

Марқұм Алматыдағы №185 мектепті тәмамдаған. 

"ҰБТ тапсыруға барған": Алматыда субұрқақта қайтыс болған жігіт мектеп түлегі болып шықты Фото: видео скриншот

Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Алматыда субұрқақ жанында талапкердің қайтыс болуына пікір білдірді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Оқиға сағат 16.00-де болған. Күн райы өте ыстық болып тұрған. Тыйым салатын белгі тұрғанына қарамастан, субұрқаққа түскен. Ол субұрқақтың екі „тостағаны“ бар, ол тура ішіне кірген. Өлімнің себебі бүгін сот-медициналық сараптамадан кейін белгілі болуы керек. Алдын ала мәлімет бойынша, жүрегі тоқтап қалған немесе ток соққан болуы мүмкін", — деді ол.

Министр қайтыс болған талапкердің Алматыдағы №185 мектепті тәмамдағанын айтты.

Университетке ҰБТ тапсыру үшін келгенімен, электр қуатының ақауына байланысты тест тапсырып үлгермеген. 

"Сот-медициналық сараптаманың қорытындысын күту керек. Бұл мәселемен Бостандық ауданының полиция басқармасы айналысып жатыр. Салғырттық салдары ма, әлде оқыс оқиға ма, әзірге білмейміз", — деді Саясат Нұрбек.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу