Үй жанындағы дүкендер қосылған құн салығын төлемейді

313

Бұл шаштараздар және халықпен жұмыс істейтін кәсіпкерлерге де қатысты. 

Үй жанындағы дүкендер қосылған құн салығын төлемейді Фото: canva.com

Бұл туралы Премьер-министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Біз қазір салықтардың аз мөлшеріне байланысты бизнестің барлық қызметіне тосқауыл қоймаймыз. Енді орта және шағын бизнеске арналған арнаулы салық режимі туралы. Енді ол оңайлатылған декларация негізіндегі арнаулы салық режимі деп аталады. Кіріс лимиті – қазіргідей 600 мың айлық есептік көрсеткіш болып сақталады. Қызметкерлер саны бойынша шектеулер алынып тасталады. Мөлшерлеме – 4%, оны мәслихаттар 50%-ға дейін төмендетуі мүмкін", - деді Серік Жұманғарин.

Премьер-министрдің орынбасары Үкімет режимді тек белгілі бір қызмет түрлеріне қолдануды ұсынғанын, басты шарт тек B2C операциялары екенін баса айтты.

"Бұл ретте В2В операциялары арнаулы режим шеңберінде ғана жүзеге асырылуы мүмкін. Егер жалпыға бірдей белгіленген режимде жұмыс істейтін салық төлеуші тауарды немесе қызметті "арнаулы режимшіден" сатып алса, онда оның мұндай шығындарды шегеруге құқығы жоқ. Қызмет түрлерінің санын Үкімет реттейтін болады. Осылайша, "үй жанындағы" дүкендер, шаштараздар және халықпен жұмыс істейтін кәсіпкерлер осы шарттарға сәйкес келеді және қосылған құн салығын төлеуші болмайды. Оларға қорқудың қажеті жоқ", - деді Ұлттық экономика министрі.

Айта кету керек, осыған дейін Үкімет салықтарға қатысты өзінің ұстанымын айтқанын жазғанбыз. Енді байлар салықты көбірек төлейтін болады. Қосылған құн салығы 16% болмақ.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу