"Үйде жалғыз қалдырған": СҚО-да қаза тапқан қыздың анасы қамауға алынды

189

Бұл туралы Ішкі істер министрінің орынбасары Санжар Әділов мәлімдеді.  

"Үйде жалғыз қалдырған": СҚО-да қаза тапқан қыздың анасы қамауға алынды Фото: t.me/halyqstan

Солтүстік Қазақстан облысының Ольшанка ауылында өрт кезінде қаза болған бес жасар қыздың анасының үстінен қылмыстық іс қозғалды, деп жазады inbusiness.kz сайты.

"Солтүстік Қазақстан облысында анасы баласын үйде жалғыз қалдырып кеткен, содан кейін өрт шықты. Біз баланы қауіпті жағдайда қалдыру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғадық. Ауыл тұрғыны қамауға алынды", – деді Ішкі істер министрінің орынбасары Санжар Әділов.

Ольшанка ауылында 18 қаңтарда кешке жеке тұрғын үйде өрт шығып, салдарынан бес жасар бала көз жұмды. Өрт кезінде қыз үйде жалғыз болған.

Қызылжар ауданы әкімдігінің мәліметінше, отбасы әлеуметтік тұрғыдан қолайсыз ретінде есепте тұрмаған. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу