Үйі өртенген отбасыға пәтер берілді

772

Пәтер кәсіпкерлер мен тұрғындардан жиналған ақшаға сатып алынған.

Үйі өртенген отбасыға пәтер берілді

Атбасар ауданының Хрящевка ауылында өрттен зардап шеккен отбасыға Атбасар қаласынан үш бөлмелі жаңа пәтердің кілті тапсырылды. Бұл туралы аудан әкімінің орынбасары Абай Бекбаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Оның айтуынша, жаңа пәтердің кілтін аудан әкімі Аманбек Қалжанов тапсырды. Пәтер кәсіпкерлер мен тұрғындардан жиналған ақшаға сатып алынған. Қажетті ақшаның басым бөлігі жергілікті кәсіпкерлердің, ал қалғаны облыс және аудан тұрғындарының есебінен жиналды. Барлығы 17 миллион теңге ақша жиналды.

"Біз зардап шеккен бұл отбасының жағдайын бірден бақылауға алдық. Жерлеу рәсімін ұйымдастыруға көмектестік, қажетті медициналық қызмет, психолог көмегін ұсындық. Кәсіпкерлер бірлесіп баспана мәселесін шешуді қолға алды. Жиналған ақшаның бір бөлігіне пәтер сатып алдық, ал қалғанын түгел аталмыш отбасыға тапсырдық. Аудан тұрғындары атынан қиын сәтте қол ұшын созған адамдардың барлығына алғыс айтамын", - деді А.Қалжанов.

Өз кезегінде зардап шеккен отбасының мүшелері кәсіпкерлер мен тұрғындарға баспанамен қамтамасыз етіп, материалдық көмек көрсеткені үшін алғыс білдірді.

Айта кетейік, 29 шілдеде Атбасар ауданының Хрящевка ауылындағы жеке үйде өрт шығып, 3 бала көз жұмған болатын.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу