Үкімет басшысы Бухгалтерлер одағының ұсынысын қолдады

"Іскер аймақ" шағын және шағын бизнесті қолдаудың бірыңғай бағдарламасы аясында бухгалтерлерге арналған жоба іске қосылады.  

Үкімет басшысы Бухгалтерлер одағының ұсынысын қолдады Фото: Үкімет

Премьер-министр Олжас Бектенов кәсіби қоғамдастықтың бастамасын құптады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Іскер аймақ" – негізінен моно, шағын қалалардағы және ауылдық жерлердегі кәсіпкерлерді қолдауға бағытталған бағдарлама. Қолдау шараларын іске асыру шағын бизнес субъектілеріне айналым қаражатын толықтырып, борыш жүктемесін азайтуға мүмкіндік сыйлайды.

Үкімет отырысында Бухгалтерлер одағының бизнесті тегін оқыту мен кеңес беру бағдарламасын іске қосу жөніндегі игі бастамасына назар ерекше аударылды.

– Бүгін Бухгалтерлер одағы бизнесті тегін оқыту және кеңес беру бағдарламасын іске қосу жөнінде игі бастама көтерді. Мемлекеттік органдарға бұл процесті толық қолдап, жәрдем көрсетуді тапсырамын. Жұмыс барлық жерде, тіпті ауыл-аймақтарға дейін жүргізілуі тиіс. Бухгалтерлер одағы, салалық қауымдастықтар мен ұйымдар мемлекеттік кірістер органдары мен әкімдіктердің қажетті инфрақұрылымын пайдалана алады, – деп нақтылады Премьер-министр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу