Автомектептерді тосын жаңалық күтіп тұр

337

Автомектептерге қойылатын талаптардың төмендеуі жүргізушілерді даярлау сапасына теріс әсерін тигізді. 

Автомектептерді тосын жаңалық күтіп тұр Фото: Time.kz

Бұл туралы Премьер-Министр Олжас Бектенов айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Автомектептерге қойылатын талаптардың төмендеуі жүргізушілерді даярлау сапасына және көлік жүргізу мәдениетіне теріс әсерін тигізді. Қазір оқу орталықтарын ашу үшін лицензиялар мен рұқсаттар талап етілмейді. Олардың көпшілігінде қажетті материалдық база жоқ. Бүгінде сапасыз даярлағаны үшін әкімшілік жауапкершілік алынып тасталған. Оқу процесі көбінесе формальды түрде өтеді. Осыған байланысты Ішкі істер министрлігі мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, барлық автомектепті есепке алуы қажет", - деп атап өтті Олжас Бектенов.

Үкімет басшысы халықаралық тәжірибені талдап, жүргізушілерді даярлау және жүргізуші куәліктерін алу тәсілдерін қайта қарау қажет екенін айтты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу