Премьер-министрдің бұлайша мақтауына Дмитрий Мунның баяндаманы қазақ тілінде жасауы себеп, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Олжас Бектеновтың Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрін мақтауы тегіннен-тегін емес. Бұған дейін Дмитрий Мун қазақ тілінде баяндама жасауға уәде еткен-ді. Әрі бүгінгі отырыста оны толық орындаған.
Үкімет басшысы осылайша вице-министрді "сөзінде тұратын адам" деп атап, қателіктердің уақыт өте келе дұрысталатынына сендірген.
– Сөзінде тұратын азамат екенсіз. Өткен жолы "толығымен қазақша баяндайсыз" деп келіскен едік. Бүгін толығымен қазақша баяндадыңыз. Дұрыс, осылай тырысу керек. Бірте-бірте бәрі келеді, – деді Олжас Бектенов.