Қаржы министрі Қазақстанның мемлекеттік борышы қанша екенін айтты

163

Бүгін Сенат 2024 жылға арналған нақтыланған бюджет туралы заңды қабылдады.  

Қаржы министрі Қазақстанның мемлекеттік борышы қанша екенін айтты Фото: Offside.kz

Үкіметтің борышына қызмет көрсетуге 168,3 млрд теңге көлеміндегі қаражат қайта бөлінгені белгілі болды. Қаржы министрі Мәди Такиев оның себебін түсіндірді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Биыл бізде Үкіметтің борышын үнемдеу үшін 2 трлн теңге жоспарда болған. Бірақ бүгін бюджетті қарастырғанда тағы да есептелмеген 168 млрд теңге қосымша қосылды. Доллармен келгеннен кейін және жылдың басында көбірек болғаннан кейін (қосылып отыр)", – деді министр Сенат кулуарында.

Мәди Такиев мемлекеттің борышы 30,5 трлн теңге екенін айтты.

"Бұл жалпы өнімге шаққанда 22,6 пайызды құрайды", – деп қысқа қайырды Қаржы министрі.

Айта кету керек, осыған дейін Сенат екі жылға арналған нақтыланған бюджет туралы заңды қабылдағанын жазғанбыз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу