Үкімет Есқұла су құбырын биыл пайдалануға береміз деп тағы да уәде берді

883

Бұл туралы Үкімет отырысында Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешев айтты, деп жазады inbusiness.kz тілшісі.

Үкімет Есқұла су құбырын биыл пайдалануға береміз деп тағы да уәде берді

"Биыл 2010 жылы басталған Есқұла су құбырын пайдалануға беру жоспарланған", – деді Брекешев.

Бұл су құбыры жаңа Ұлытау облысының орталығы болатын Жезқазған қаласын сумен жабдықтау үшін керек.

Айта кету керек, су құбырының құрылысы аяқталады деп жылда уәде беріледі. Үкімет басшысы Әлихан Смайылов 2025 жылы халық 100 пайыз таза ауыз сумен қамтылады дегенді айтады.

Тасқын Болатұлы

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу