Үкімет құрамы жасақталып болды

476

Көзкөргендер көп. Кабминнің қатарына қосылғандар арасында шетелде туғандары да бар.

Үкімет құрамы жасақталып болды

Күзді асыға күткендердің уақыты бекер. Үкімет басынан Смайылов кетеді деген болжам теріс, тілеу қабыл болмады. Орнын сақтап қала берді. Ал оның екі орынбасары Серік Жұманғарин мен Тамара Дүйсенова қосымша жұмыстарынан босатылды. Яғни бұрынғыдай сауда және еңбек министрі емес. Тек вице-премьерлік қызметті атқарады. Үкіметтің ескі құрамынан екі ведомство басшысы креслосын босатты. Былтыр қаңтар оқиғасынан кейін Ішкі істер министрі болған Марат Ахметжанов қызметін кетті. Ол 30 жылға жуық прокуратура саласында еңбек етті. Басшылық деңгейге дейін көтерілді. Алпысты алқымдаған министр ішкі істер және прокуратура саласында реформа жасауға талпынды. Бірақ, азапатау шағымдарын азайта алмады. Ал Қарашөкеев қаржы саласының маманы болса да, екі жыл ауыл шаруашылығына жетекшілік жасады. Осы аралықта Тоқаев оған сөгіс беріп, салада даму жоқ деп сынады. Десе де оған тұтас облыстың тұтқасын ұстатты.

"Ауыл шаруашылығы деген үлкен өндіріс қой. Үлкен бір сала. Мүмкін басқа бір жағында көмектескен болар. Жалпы ұн өндіру саласына ешқандай ол кісінің көмегі болған жоқ. Бұл кісі уәде беріп, шешемін деп, уәде де берген жоқ. Қарап отырсаң жаңа министрлердің барлығы сол ескі министрлер. Қазандағы сорпа сияқты. Сапырып сапырып, орындарын ауыстырғаннан басқа ешнәрсе болып жатқан жоқ", - дейді Ауыл шаруашылығы саласының маманы Досмұқасан Тәукебаев.

Тоқаев жолдауынан кейін екі министрлік құрылды. Олар екі ведомстводан бөлініп шықты. Мұндай өзгеріс Семейдегі орман өртінен кейін сыннан көз ашпаған Зульфия Сүлейменова креслосын шайқады. Оның орнына экология министрі болып Ерлан Нысанбаев келді. Ол көзкөрген, ескі кадр. Орман шаруашылығын бүге шүгесіне дейін білетін білікті маман. Ал су министрлігіне мансабы жылдам өскен Нұрлан Нұржігітов жетекшілік етеді. Оның кандидатурасын таңдау депуаттатарға оңай боламапты.

"Біз министрлікке лайық білікті азаматты әрең таптық. Осыдан ақ су саласының құрдымға кеткенін түсінуге болады. 10 комитеттің біреуі ғана қарсы болды. Қалғаны жаңа министрге сеніп артып, қолдады. Десе де, сұрақ көп болды. Ол құрғақшылық жайлаған Жамбыл облысын басқарды. Ол Қырғызстанмен келісім жүргізе алмады. Ол каналдарды жөндемеді. Енді ол білдей бір саланы басқарады", - дейді ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Сергей Пономарев.

Депутаттар өнеркәсіп және құрылыс министрін де сұрақтың астына алды деген ойдамыз. Белгілі болғандай Қанат Шарлапаевтың қос азаматтығы болған. Ресей және Ұлыбританияның. Өзі сол ресейдің тумасы. Қазақстан азаматтығын өткен жылдың қараша айында ғана алған. Сол кезеңде Бәйтерек холдингін басқарды. Мамандығы экономист. Жалпы, Президент жолдауының басым бөлігі экономикалық блоктан тұрады. Сондықтан Үкімет білікті әрі тәжірибелі мамандарды тартты деп есептейді сарапшылар.

"Қазір келген адамдар бәрі тәжірибесі мол адамдар. Меніңше, қазір Президент келіп, үйренетіндей уақыт жоқ деп, орнына қойып жатқан көрнеді", - дейді саясаттанушы Талғат Қалиев.

"Жалпы адам бар. Азаматтар да бар. Тәжірибе жетіспейді деген әңгіме деп ойлаймын да. Бұл біріншіден менджемент. Бұл месседж жаңа мүмкіндікке, жаңа инцативаны істей алатын адамдарға арналған", - дейді саясаттанушы Аман Мәмбетәлі.

Сонымен Үкіметтің жаңа құрамына 9 жаңа министр қосылды. Оның арасында жоғары эшалонда істеп кеткендері де бар. Олар Аида Балаева және Ерлан Нысанбаев. Екі бұрынғы әкім Маржақпаев пен Нұржігітов енді туризм мен суға жауапты. Бұрынғы 17 министр орнын сақтап қалды. Тек үшеуі Асхат Оралов, Дәрхан Қыдырәлі және Зулфия Сүлейменова Үкіметпен біржола қоштасты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу