Үкімет жағдайы төмен азаматтардың несиесін жабуға 105 миллиард теңге бөледі

2466

Оның 88,5 млрд теңгесі республикалық бюджеттен қарастырылады.

Үкімет жағдайы төмен азаматтардың несиесін жабуға 105 миллиард теңге бөледі

Мемлекет халықтың аз қамтылған және әлеуметтік-осал топтарының кепілсіз тұтынушылық кредиттері бойынша негізгі қарызын, сыйақы мен өсімақысын жабуға 105 млрд теңге бөледі. Қаржы министрі Әлихан Смайылов бүгін өткен баспасөз мәслихатында осылай деді. 

"Оның 88,5 млрд теңгесін республикалық бюджеттен тартамыз, алдағы аптада бюджетті нақтылау барысында тиісті соманы қарастыратын боламыз. Сондай-ақ шамамен 17 млрд теңгені Проблемалық кредиттер қорының облигацияларын шығару арқылы тартатын боламыз", – деп қосты министр.

Еске сала кетсек, Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев өмірлік қиын жағдайда қалған ел азаматтарының борыш жүктемесін азайту жөніндегі Жарлыққа қол қойған еді.         

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу