Үкіметке – орташа деген баға: Тоқаев күзге қарай кадрлық шешімдер болатынын меңзеді

800

Үкімет жедел әрекет ететін оперативтік штаб қана емес, нақты реформаларды ұсынатын және жүргізетін басты мемлекеттік мекеме болуы керек.

Үкіметке – орташа деген баға: Тоқаев күзге қарай кадрлық шешімдер болатынын меңзеді

Бұл туралы үкіметтің кеңейтілген отырысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.

"Жалпы Үкіметтің жұмысына орташа деген баға беруге болады. Үкімет табандылық танытуға тырысуда. Бірақ қазіргі кезеңде босаңсуға болмайды. Жұмыс қарқынын барынша күшейту қажет", – дейді Тоқаев.

Ол күзде кадрлық шешімдер қабылдауы мүмкін екенін айтты.

"Қазақстанда экономистер, кәсіпкерлер көп. Шетінен білімді, дарынды. Бірақ олардың нақты ұсыныстары аз, тіпті, жоқ деп айтуға болады. Күзге қарай, мүмкін, кадрлық шешімдер қабылдау керек болады. Ерекше дағдарыс жағдайында бұл өте қажет екені түсінікті", – дейді ол.

Еске саламыз, президент жиын басында үкімет қымбатшылық мәселесін тиімде шеше алмай отырғанын мәлімдеген болатын.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу