Олжас Бектенов Geo-Jade Petroleum басшысы Ван Вэньтаомен "Созақ" кен орнында газ өндіру жобасын жүзеге асыру барысын талқылады, деп жазады inbusiness.kz сайты Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
ҚР Премьер-министрі Олжас Бектенов Hong Kong Sino-Science Oil and Gas Co., Ltd. (Geo-Jade Petroleum) компаниясының президенті Ван Вэньтаомен кездесу өткізді.
Жиында мұнай-газ саласындағы ынтымақтастық және күрделі жолмен алынатын газды өндіру жобасын жүзеге асыру мәселелері талқыланды.
Қазақстан энергетикалық қауіпсіздікті нығайту және еліміздің экономикалық өсуін қамтамасыз ету үшін өзара тиімді шарттарда ынтымақтастықты жалғастыруға және дәстүрлі емес ресурстардың әлеуетін ашуға мүдделі.
Талқылау қорытындысы бойынша жұмыс топтары деңгейінде жұмыс жалғасатынын атап өтті.
А Н Ы Қ Т А М А: Geo-Jade Petroleum – Қазақстанда 10 жылдан астам жұмыс істеп келе жатқан мұнай мен газды барлау және өндіру бойынша ірі қытайлық компания. Бұған дейін кәсіпорын Қазақстанда $3 млрд-тан асатын бірқатар ірі жобаны жүзеге асырып, 1 мыңға жуық тұрақты жұмыс орнын ашқан.