ҰКП трансформациялау жөніндегі жұмыс тобына 89 адам кірді

914

Бүгін "Атамекен" Ұлттық кәсіпкерлер палатасын трансформациялау жөніндегі жұмыс тобының алғашқы отырысы өтеді, деп хабарлайды inbusiness.kz палатаның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ҰКП трансформациялау жөніндегі жұмыс тобына 89 адам кірді

Ертең бірінші отырысқа 89 адам қатысады. Оның ішінде: 40 адам – салалық қауымдастықтардың басшылары, өкілдері; 36 адам – Өңірлік кеңес мүшелерін қоса алғанда, өңірлік бизнес өкілдері және 13 – сарапшылар, қоғам белсенділері, ҰКП-да аккредиттелмеген қауымдастықтар өкілдері.

Бір апта ішінде өңірлік кеңестер мен комитеттер өз алаңдарында отырыстар өткізді, кандидатураларды айқындады және алдағы съездің күн тәртібіне ұсыныстар дайындады.

Талқылау барысында "Атамекен" қызметін жаңарту жөніндегі жұмыс тобына 17 өңірлік кеңестің әрқайсынан 2 кандидат, 199 қауымдастықтың мүддесіне өкілдік ететін 17 салалық комитеттен 2 кандидаттан кіреді деген шешім шығарылды.

Қазір ҰКП-ны трансформациялау бойынша 360 ұсыныс жиналды. Олар бес негізгі топқа жинақталды: Ұлттық палатаның құрылымы мен функционалы; қауымдастықтарды аккредиттеу рәсімдерін жетілдіру; нормативтік-құқықтық актілерді сараптау; мүшелік жарналар мен ақылы қызметтерді енгізу бойынша ұсыныстар.

Сондай-ақ жұмыс тобына кәсіпкерлерден бизнестің 400-ге жуық проблемасы жолданды. Оларды қарастырғаннан кейін съезге шығару жоспарланып отыр.

Трансформациялау жөніндегі жұмыс тобы отырыстарының нәтижелері www.atameken.kz сайтында жарияланатын болады.

Жұмыс тобы мүшелерінің тізімін, "Атамекен" ҰКП-ны реформалау бойынша бизнес ұсыныстарын, бизнестің проблемалық мәселелерін сілтеме арқылы өтіп, біле аласыз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу