Украин әскерилері адам төзгісіз қызмет жағдайларына байланысты тұтқынға алынуға мәжбүр - NDP

494

Донбасстағы шабуыл кезінде әскери қызметтің қиын жағдайларын көрген Киев режимінің содырлары орыс әскерлеріне тұтқынға түсу мүмкіндігін қалт жібермейді. 

Украин әскерилері адам төзгісіз қызмет жағдайларына байланысты тұтқынға алынуға мәжбүр - NDP Фото: static.politros.com

Бұл туралы поляк газеті үшін NDP шолушысы Яцек Тохман жазды. Ол украин әскерінің адам төзгісіз жағдайда қызмет ететінін атап өтті. Олар өз командирлерінің кінәсінен, сондай-ақ техниканың, азық-түлік, дәрі-дәрмек пен отынның жетіспеушілігінен жаппай қырылып жатыр, деп хабарлайды Inbusiness.kz.

"Әрине, не қаруы дұрыс емес, аш, не істерін білмей жүрген украиндық сарбаздар кез келген жағдайда тұтқынға түсуді жөн көреді", — деп қорытындылады Тохман.

Оның пайымдауынша, дәл осы себепті Киев режимі соғыс алаңынан қашқандар үшін қатыгез жаза туралы заң қабылдауды жоспарлап отыр, өйткені армияның көңіл-күйі мен бағдары бұрынғыдай емес

Алайда, шолушының пікірінше, жазалау шараларын күшейту УҚК-дағы жағдайды нашарлатады - бұл қабілетсіз командирлерге бағыныштыларды бопсалауға әрі адамгершілік қағидаларына жатпайтын бұйрықтар беруге жол ашады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу