Украина Ресейге қарсы санкцияларды күшейтті

906

Экономикалық шектеулер бұған дейін бірнеше рет ұзартылған болатын.

Украина Ресейге қарсы санкцияларды күшейтті Фото: inbusiness.kz

Украина үкіметі Ресейге қарсы салынған санкцияларды күшейтіп, елден бидай, қара бидай және күнбағыс майын әкелуге тыйым салды, деп хабарлайды Inbusiness.kz порталы жергілікті БАҚ-қа сілтеме жасап. Қаулы министрлер кабинетінің сайтында жарияланды.

Құжатта Украинаға әкелуге тыйым салынған тауарлардың тізіміне аталған тауарлардан бөлек газет және дәретхана қағазы, крафт қағазы, косметикалық майлықтар, қол сүлгілері, дастархан, жуғыш заттар, жәшіктер, қораптар, сөмкелер, пакеттер, бұрғылау құралдары, дөңгелектер енгізілгені жазылған.

Қаулы жарияланғаннан кейін он күн өткен соң шектеу күшіне енеді.

Украина, АҚШ және Еуропалық Одаққа мүше мемлекеттер 2014 жылы Қырымның Ресейге қосылуы және Украинаның оңтүстік-шығысындағы қақтығысқа байланысты Мәскеуге қарсы экономикалық шектеулер жариялаған еді. Бұл елдер түбектің материктік Ресейге қосылуын аннексия дей отырып, өткізілген референдумның нәтижесін мойындаудан бас тартты. Санкциялар бірнеше рет ұзартылған болатын.

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу