Украина СІМ Грузия билігінен Михаил Саакашвилиді Киевке беруді талап етті

528

Михаил Саакашвили Украина азаматы болғандықтан, Украинаның Сыртқы істер министрлігі Грузия билігінен оны Киевке беруді талап етті.

Украина СІМ Грузия билігінен Михаил Саакашвилиді Киевке беруді талап етті

Украина дипломатиялық ведомствосының мәлімдемесіне сәйкес, Киев бұрынғы грузин президентінің денсаулығына қатты алаңдаулы, деп хабарлайды inbusiness.kz. 

Осыған байланысты украин жағы Михаил Саакашвилидің шетелде емделуін алға тартып, оны өз елдеріне қайтармақ.

"Украинаның Сыртқы істер министрлігі Грузияда қамауда отырған Украина азаматы Михаил Саакашвилиге грузиндар тарапынын көрсетілген азаптауларға қарсылық білдіреді. Грузия билігін Михаил Саакашвилиді дереу Украинаға беруді талап етеміз", - делінген хабарламада.

Киевте Грузия билігі Михаил Саакашвилиді емдеу мақсатында оны еуропалық немесе америкалық клиникалардың біріне ауыстыру үшін жазасын кейінге қалдыру туралы өтінішті қанағаттандыруға шақырды. Сондай-ақ, Саакашвилиге адам құқықтары жөніндегі Жоғарғы Рада комиссары Дмитрий Лубенцкені жіберуге рұқсат беруді сұрады.

2004 жылдан 2013 жылға дейін Грузияны басқарған Саакашвили билікті асыра пайдаланды деген айыппен алты жылдық жазасын өтеп жатқанын еске саламыз.

Саакашвилидің денсаулығын бақылайтын жеке дәрігерлері оның түрмеге түскеннен бері жағдайы айтарлықтай нашарлағанын айтады. Дегенмен Грузия билігі оны жан сақтау бөліміне ауыстыруға қарсылық білдіруде.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу