Оның шешімімен, министрлер кабинетін Сергей Корецкий басқаруы тиіс. Бұл туралы украиналық парламент спикері Руслан Стефанчук мәлімдеді, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Зеленский мұндай ауыс-түйісті мемлекеттік стратегияның өзгеруімен байланыстырды. Премьер-министр лауазымына 4 адам үміткер ретінде ұсынылды. Олар: Украина энергетика министрі Денис Шмыгаль, қорғаныс министрі Михаил Федоров, Харьков қаласының мэрі Игорь Терехов және Сергей Корецкий бар. Соңғы кандидат бұған дейін "Нафтогаз" басқарма төрағасы болды.
Зеленскийдің мәлімдеуінше, кеңесулерден кейін премьер-министр лауазымына ең лайықтысы Сергей Корецкий деп шешкен.
Жоғарғы Рада жаңа үкімет басшысын бекітуге және министрлер кабинетінің жаңа құрамына 16 шілдеде дауыс берді. Сергей Корецскийді қолдап 289 депутат дауыс берді. Іс жүзінде үкіметтің толық құрамы белгілі. Ең маңызды өзгеріс – қорғаныс министрі Михаил Федоровтың қызметінен шеттетілуі. Осыған байланысты бірнеше қалада шеру өтті. Көпшілік қорғаныс миинистрін қызметінде қалдыруды талап етті.
Ал, үкімет басшысы қызметіне кіріскен Сергей Корецскийге жылыту маусымына дайындықты ұйымдастыру міндеті жүктелді.
Айта кетейік, 14 шілдеде Украина Жоғарғы Радасы премьер-министр Юлия Свириденконың отставкасын қолдап, министрлер кабинетін таратты.