Украинадағы Қазақстан азаматтарына арналған жедел желі іске қосылды

540

Жедел желінің нөмірі: +380 67 347 0408

Украинадағы Қазақстан азаматтарына арналған жедел желі іске қосылды Фото: khabar24.kz

Бұл туралы Украинадағы Қазақстан елшісі Дархан Қалетаев айтты деп хабарлайды inbusiness.kz.

"Мүмкіндігінше Қазақстан азаматтарына Украина аумағынан кетуге немесе қауіпсіз жерге орналасуға кеңес береміз. Дабыл ескертулерге мән беріп, сақ болуға шақырамыз", – дейді елші Қалетаев. 

Қолда бар ақпаратқа сәйкес Украинада қазір 600-ге жуық Қазақстан азаматы бар. Дүмпу Қазақстан елшілігінен алыс жерде болған. Бұдан бөлек, елшінің сөзінше, шаһарда байланыс нашар және кей аудандарда, жарық сөнген. Егер эвакуация болған жағдайда елшілік Польша арқылы Украинадан шығуға жоспар құрып отыр.  

Бұған дейін ҚР СІМ Украинадағы елшілік қызметкерлерін эвакуациялау жұмыстары қарастырылып жатқанын мәлімдеген болатын. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу