Украинадағы Қазақстан елшілігінің жұмысы тиісті деңгейде қамтамасыз етіледі – СІМ

544

Украинадағы Қазақстан елшілігінің жұмысы тиісті деңгейде қамтамасыз етіледі. Бұл туралы Сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенко айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Украинадағы Қазақстан елшілігінің жұмысы тиісті деңгейде қамтамасыз етіледі – СІМ

"Атап айтқанда, ол елде сапармен жүрген азаматтардың сақтық танытуына қатысты тиісті үндеу жасалған болатын. Сонымен қатар біздің Елшіліктің жұмысы тиісті деңгейде қамтамасыз етіліп, ел азаматтарының мүддесін қорғауға қатысты іс-шаралар атқарылады. Мұнымен қоса, дипломаттардың қауіпсіздігіне ерекше назар аударылып отыр", – деді Роман Василенко.

Оның айтуынша, Киевтегі Қазақстан елшілігі орналасқан ғимаратқа зақым келмеген.

Бұған дейін жазғанымыздай, 11 қазанда Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров Украинада жүрген Қазақстан азаматтарына қатысты сұраққа жауап берді.

Сонымен қатар елшілік қызметкерлері осы елде тұратын қазақстандықтарға үндеу жасаған болатын.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу