Қырғызстанның жоғары саяси және әскери басшылығымен кездесу үшін ҰҚШҰ Бас хатшысы Иманғали Тасмағамбетов іс-сапармен барады.
Сапар барысында Қырғызстан президенті Садыр Жапаровпен, Сыртқы істер министрі Жээнбек Құлубаевпен, Қырғыз Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің Хатшысы Марат Иманқұловпен, сондай-ақ Қорғаныс министрі генерал-лейтенант Бақтыбек Бекболотовпен және ҰҚК Шекара қызметінің басшылығымен кездесулер жоспарланған.
Бұл Иманғали Тасмағамбетовтің ҰҚШҰ Бас хатшысы ретіндегі Бішкекке алғашқы сапары.
Бұған дейін ҰҚШҰ Бас хатшысы Тасмағамбетов Росфинмониторинг басшысы Юрий Чиханчинмен кездесіп, ақша жымқыруға қарсы күрестің тиімділігі туралы айтқан болатын.