Ұлан-Батор қаласында Qazaq kuresi-нен Азия чемпионаты тәмамдалды

1900

Чемпионатқа Қытай, Үндістан, Пәкістан, Корея, Жапония, Моңғолия, Өзбекстан, Қырғызстан, Қазақстан сияқты 11 мемлекеттен 100-ге жуық спортшы қатысты.

Ұлан-Батор қаласында  Qazaq kuresi-нен Азия чемпионаты тәмамдалды

18 тамыз күні Ұлан-Батор қаласында (Моңғолия) Qazaq kuresi-нен Азия чемпионаты тәмамдалды, деп хабарлайды Qazaq kuresi Халықаралық федерациясының баспасөз қызметі.

Азия чемпионатының ұйымдастырушысы – Халықаралық Qazaq kuresi федерациясы. Федерация президенті Қанат Бозумбаев.

Бозкілемде кездесулер сегіз салмақ дәрежесінде өтті. Сондай-ақ, абсолют салмақ дәрежесінде де медальдар сарапқа салынды.

"Бүгінгі чемпионатқа Қытай, Үндістан, Пәкістан, Корея, Жапония сияқты 11 мемлекеттен 100-ге жуық спортшы қатысып отыр. Халықаралық қазақ күресі федерациясы ұлттық спорт түрінің шетелдерде дамуы мен көркеюі бағытында қарқынды жұмыс жасап келеді. Бүгінде Грузия, Қытай, Иран мемлекеттерінде қазақ күресі федерациялары бар. Бұл ретте, осындай ауқымды іс шараны ұйымдастыруға атсалысқан Моңғолия Президенті Халтмаагийн Баттулга мырзаға, Моңғолия Білім, мәдениет, ғылым және спорт министрлігіне, оның ішінде Дене шынықтыру және спорт бөлімінің директоры Энэбиш Мунхбилэгке,  қазақ күресінен Азияда федерациясының Президенті Хашбаатар Цагаанбаатарға ерекше алғыс білдіргіміз келеді", - деді Халықаралық Qazaq kuresi федерациясының Бас хатшы кеңесшісі Ұлан Рысқұл.

Сонымен жеңімпаздар тізімі:

55 келі салмақта

1-орын - Tutkyshev Nariman (Қазақстан);

2-орын - Davaanyam Bukhchuluun (Моңғолия);

3-орын - Amarsanaa Khatansaikhan (Моңғолия) және Erdangchaolu (Қытай).

60 келі салмақта:

1-орын Khuanbay Yelaman (KAZ);

2-орын Battseren Enebish (MGL);

3-орын Nurddinov Shokhrukh (UZB) және Purevdagva (MGL).

66 келі салмақта:

І-орын Batzaya Erdenebayar (MGL);

2-орын Bold Sambuunyam (MGL);

3-орын Huseynzoda Muhammadrajab (TJK) және Zhaanbayev Nurzhigit (KGZ).  

74 келі салмақта:

1-орын Sato Yuya (JPN);

2-орын Bat-Erdene Purevdavaa (MGL);

3-орын Nurddinov Shokhrukh (UZB) және Sanjmyatav Bayartuvshin(KAZ)

82 келі салмақта:

1-орын Bayanmunkh Gaajadamba (MGL);

2-орын Eskandari Mostafa (IRN);

3-орын Yessenov Zhaidarbay (KAZ) және Batmunkh Altansukh (MGL).

90 келі салмақта:

1-орын Erdentogtokh Tumennasan (MGL);

2-орын BatnasanTengis (MGL);

3-орын Rysbay Ayan(KAZ) и Ikromov Sarvar (UZB).

100 келі салмақта:

1-орын Issagabylov Maksat (KAZ);

2-орын GAN Tuvshijargal (MGL);

3-орын Juraev Ilkhom (UZB) и Delger Tserennyam (MGL).

100+ келі салмақта:

1-орын Byeryedmurat Syerik (MGL);

2-орын Seiten Aibat (KAZ);

3-орын Khutag Tsogtgerel (MGL) и Kurbonaliev Dadakhon (TJK).

DORJ Anar Моңғолияда өтіп жатқан қазақ күресінен Азия чемпионатында түйе палуан атанды.

Бүгінде Халықаралық Qazaq kuresi федерациясы ұлттық федерацияларды біріктіруші, Қазақстан Республикасынан тысқары елдерде турнир өткізетін жалғыз федерация болып отыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу