Ұландық әскери қызметте 2000-шы рет жауынгерлік кезекшілікке түсті

233

Ол маңызды мемлекеттік нысандарды күзететін бөлімде 20 жылға жуық уақыттан бері қызмет етіп келеді.

Ұландық әскери қызметте 2000-шы рет жауынгерлік кезекшілікке түсті Фото: ҚР Ұлттық ұланы телеграм

Республика күні қарсаңында ҚР ІІМ Ұлттық ұланының 3650 әскери бөлімінің аға сержанты Бекнар Жылқышпаев 2000-шы рет жауынгерлік қызметке шықты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Бекнар Жылқышпаев әскери жолын қатардағы жауынгер болып бастаған. Жылдар бойы жинаған тәжірибесі мен кәсіби біліктілігінің арқасында бүгінде қарауыл бастығы қызметін атқарады.

Оның негізгі міндеті – маңызды мемлекеттік нысандардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және қарауыл қызметінің талапқа сай орындалуын қадағалау.

Аға сержант әскери міндетіне жауапкершілікпен қарайды. Ол – алты баланың әкесі. Қарасаз ауылының тумасы бос уақытында өлең жазып, ән айтуды ұнатады.

Айта кетейік, Ұлттық ұланның әскери қызметшілері патрульдік және қарауылдық қызмет атқарып қана қоймай, маңызды мемлекеттік нысандарды күзетуге де жұмылдырылады.

Бекнар Жылқышпаевтың 2000-шы рет жауынгерлік кезекшілікке түсуі – ел тыныштығын күзету жолындағы көп жылғы қызметінің көрсеткіші. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу