Ұландықтар дзюдодан Азия ашық кубогында жүлдегер атанды

105

Ақтау қаласында ерлер мен әйелдер арасында Тұрар Жолдыбаевты еске алуға арналған дзюдодан Азия ашық кубогы өтті.

Ұландықтар дзюдодан Азия ашық кубогында жүлдегер атанды Фото: Ұлттық ұлан

Бұл дәстүрлі турнир Халықаралық дзюдо федерациясының (IJF) ресми күнтізбесіне кіреді және жыл сайын континенттің ең мықты спортшыларын жинайды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Биыл татамиге Әзербайжан, Беларусь, Гонконг, Иран, Қырғызстан, Моңғолия, Тәжікстан, Өзбекстан, Қазақстан, сондай-ақ Халықаралық дзюдо федерациясының құрамасынан 200-ден астам шебер шықты. Жарыстар IJF ережелері бойынша өтті және спортшылардың халықаралық рейтингіне әсер ететін рейтингтік ұпайлар жинауға мүмкіндік берді.

Қазақстан Республикасы ІІМ Ұлттық ұланының әскери қызметшілері ел атынан лайықты өнер көрсетіп, жүлделі орындарға ие болды. Ұландық спортшы Санжар Жабборов 100 келіден жоғары салмақ дәрежесінде ІІІ орын иеленді. Ал жолдасы Бауыржан Нарбаев 66 келіге дейінгі санатта қола жүлдегер атанды. 5571 әскери бөлімінің әскери қызметшісі Әділет Ахметқали турнирлік тордан сенімді өтіп, 81 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде күміс медаль жеңіп алды.

Жарыс қорытындысы бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер Халықаралық дзюдо федерациясының рейтингтік ұпайларына ие болды: бірінші орын үшін – 100, екінші орын үшін – 70, үшінші орын үшін – 50 балл.

Жауынгерлердің халықаралық аренада табысты өнер көрсетуі Ұлттық ұлан әскери қызметшілерінің спорттық даярлығының жоғары деңгейінің және олардың Азияның ірі турнирлерінде Қазақстан намысын қорғауға деген ұмтылысының тағы бір дәлелі болды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу