"Балабақшаларды дамыту бойынша кешенді жоспар әзірленді. Онда ваучерлік жүйе енгізу, балабақшалармен қамту, жаңа мемлекеттік стандарт қабылдау және балабақшаларда балаларға қолайлы жағдай жасау шаралары қарастырылды", – деді Асхат Аймағамбетов
Министрдің мәлімдеуінше, инклюзивті білімді дамытуға сәйкес, ерекше балаларға арналған ұйымдардың ашылу нормативі 50 мың балаға бір психологиялық-медициналық, педагогикалық кеңес есебі бойынша өзгереді.
"Ерекше қажеттілігі бар балаларға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру тетігін қолға аламыз. Орта білімде оқу жүктемесін азайту мәселесі қаралады. Үлгілік оқу бағдарламасы жаңартылады", – деді Асхат Аймағамбетов.
Қанат Махамбет