Үлкен Алматы шатқалының тауларында 66 жастағы ер адам көз жұмды. Бұл туралы Республикалық жедел-құтқару жасағының баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады inbusiness.kz сайты.
– 1958 жылғы ер адам тауға жалғыз шыққан. Кейіннен келіскен уақытында байланысқа шықпағандықтан, туыстары құтқарушыларды шақырды. РЖҚЖ жедел тобы ер адамның денесін Үлкен Алматы көлінен төмен орналасқан төбелерден тауып, алаңға түсіріп полиция қызметкерлеріне тапсырды, - деп хабарлайды РЖҚЖ баспасөз қызметі.
Республикалық жедел-құтқару жасағы қарт адамдарға тауда келесі қауіпсіздік шараларын сақтауға шақырады:
1. Жалғыз жүрмеңіз. Егде жастағы адамдарға қолдау мен қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін топпен тауға баруға кеңес беріледі.
2. Жеңіл маршруттарды таңдаңыз. Белгісіз жердерге бармаңыз және ауа-райы болжамын қадағалаңыз. Жоспарларыңыз туралы алдын ала айтып қойыңыз.
3. Биіктікке бейімделу үшін біртіндеп көтеріліңіз.
4. Жиі үзіліс жасаңыз, жеткілікті су ішіңіз және дәрі-дәрмектер мен алғашқы көмек жинағын алып жүріңіз.
5. Рельефте жақсы ұстайтын ыңғайлы аяқ киім киіңіз, ауа-райыына сай киініңіз және треккинг таяқшаларын қолданыңыз.
6. Картаны және компасты немесе GPS-ті алып жүріңіз.