Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі 2027 жылға арналған базалық мөлшерлеме бойынша шешімдер кестесін бекітті. Жоспар бойынша келесі жылы базалық мөлшерлеме бойынша 8 шешім, оның 4-і болжамды раундтың нәтижелері негізінде қабылданады.
– Базалық мөлшерлеме бойынша шешімдер аптаның соңғы жұмыс күні Астана уақытымен сағат 12:00-де жарияланып, келесі аптаның бірінші жұмыс күнінен бастап күшіне енеді, – делінген банк хабарламасында.
2027 жылы базалық мөлшерлеме бойынша шешімдер мына күндері жарияланады:
22 қаңтар
12 наурыз
23 сәуір
11 маусым
23 шілде
10 қыркүйек
22 қазан
10 желтоқсан
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу