Ұлттық банк базалық мөлшерлеме деңгейін төмендетті

1176

Өтімділікті берудегі тұрақты қолжетімді операциялар бойынша мөлшерлеме 11,5%, өтімділікті алу бойынша тұрақты қолжетімді операциялар бойынша 7,5% болды.  

Ұлттық банк базалық мөлшерлеме деңгейін төмендетті

Ұлттық Банк базалық мөлшерлеменің деңгейін жылдық 9,5%-ға дейін төмендету және пайыздық дәлізді +/- 2 пайыздық тармаққа дейін кеңейту туралы кезектен тыс шешім қабылдады, деп хабарлады банктің баспасөз қызметі.

"Тиісінше, өтімділікті беру бойынша тұрақты қолжетімді операциялар бойынша мөлшерлеме 11,5%, өтімділікті алу бойынша тұрақты қолжетімді операциялар бойынша 7,5% болды. Осы шешім 2020 жылғы 6 сәуірден бастап күшіне енеді", – деп жазылған баспасөз хабарламада.

Ұлттық банк базалық мөлшерлемені ағымдағы деңгейде бұдан әрі ұзақ ұстап тұру экономикалық белсенділікке шектеу болуы мүмкін деп санайды.

"Ұлттық банктің басқа шараларымен бірге базалық мөлшерлемені төмендетуі коронавирус салдарының Қазақстан экономикасына әсерін жеңілдетуге мүмкіндік береді және экономикалық белсенділікке қолдау көрсетеді. Ұлттық банк сыртқы және ішкі жағдайға үздіксіз мониторинг жүргізіп отырады және қажет болғанда өзінің монетарлық саясатын икемдеп түзетіп отырады. Ұлттық банктің қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз етуге арналған барлық қажетті мүмкіндіктері мен құралдары бар және әлемдік экономикадағы ахуал айтарлықтай нашарлаған жағдайда тиімді шешімдер қабылдауға дайын. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің базалық мөлшерлеме бойынша кезекті жоспарлы шешімі 2020 жылғы 27 сәуірде Нұр-Сұлтан қаласының уақыты бойынша сағат 15:00-де жарияланатын болады",– дейді қаржы реттеушісінің баспасөз қызметінен.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу