Ұлттық банк базалық мөлшерлеме туралы шешім қабылдады

206

Бірінші тоқсанда тұтынушылық сұраныс бәсеңдеген.  

Ұлттық банк базалық мөлшерлеме туралы шешім қабылдады Фото: Халық үні

Ұлттық Банктің Ақша-кредит саясаты комитеті базалық мөлшерлемені +/- 1 пайызбен жылдық 16,5% деңгейінде сақтау туралы шешім қабылдады, деп жазады inbusiness.kz сайты. 

Ұлттық банк таратқан ресми мәлімдемеге сүйенсек, наурыз айының қорытындысы бойынша жылдық инфляция 10%-ке дейін жеделдеген.

Жылдық инфляцияның негізгі қозғаушы күші – қызмет көрсету секторы болып отыр. Бұл реттелетін тарифтердің бірінші тоқсанда күткеннен жоғары өсуімен және нарықтық қызметтердің қымбаттауымен байланысты. Азық-түлік инфляциясының үлесі айлық және жылдық көрсеткіштерде арта түскен.

"Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Ақша-кредит саясаты комитеті базалық мөлшерлемені +/- 1 п.т. дәлізімен жылдық 16,5% деңгейінде белгілеу туралы шешім қабылдады", – деп жазады Ұлттық банк мәліметінде.

Сондай-ақ, әлемдік азық-түлік бағасының жоғары болуы және Ресейдегі екі таңбалы инфляцияның сақталуы да базалық мөлшерлемені қазіргі деңгейде қалдыруға түрткі болған.

2025 жылы қаңтар-наурыздағы жылдам деректерге сәйкес экономика ж/ж 5,8% өсім көрсетті. Бұл өсім көлік (21,0%), құрылыс (16,9%), өңдеу өнеркәсібі (8,7%), тау-кен өндірісі (6,1%) және сауда (6,3%) салаларындағы белсенділікке байланысты болды.

"Ішкі сұранысқа инфрақұрылымдық жобалардың іске асыруы, тұтынушылық кредит беру және халық табысының ұстамды өсуі қолдау қөрсетеді. Дегенмен, 1-тоқсанда тұтынушылық сұраныстың бәсеңдеу белгілері байқалуда. Бұл 2024 жылғы қазандағы 19,3%-тен кейін ақпанда 5,1%-ке дейін бөлшек сауда айналымының баяулау деректерімен, сондай-ақ сауалнамаларға сәйкес ірі сатып алулар индексінің төмендеуімен расталады", – делінген түсіндірмеде.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу