Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 12% деңгейінде сақтап қалды

933

2020 жылы әлемдік ЖІӨ-нің өсу қарқыны 2008 жылғы әлемдік дағдарыстан бергі ең төменгі көрсеткіштерге дейін төмендеуі мүмкін.

Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 12% деңгейінде сақтап қалды Фото: Серікжан Қобыланбаев

Ұлттық банк базалық мөлшерлемені, пайыздық дәлізді жылдық 12% + /- 1,5 п.т. деңгейінде сақтайтын болды. Бұл туралы бас банктің баспасөз қызметі хабарлады.

Қаржы реттеушісі COVID-19 коронавирусының пандемиясы, сауда соғысы және геосаяси шиеленістің өсуі жағдайында баға тұрақтылығын ұстап тұру үшін 10-13 наурыз аралығында бірқатар шара атқарылғанын айтады. 2020 жылы әлемдік ЖІӨ-нің өсу қарқыны 2008 жылғы әлемдік дағдарыстан бергі ең төменгі көрсеткіштерге дейін төмендеуі мүмкін.

2020 жылғы 9 наурыздан бастап Brent сұрыпты мұнайдың бағасы бір баррель үшін 31-36,5 АҚШ доллары деңгейінде бекітілді. 2020 жылғы 16 наурызда таңертең мұнайдың белгіленген бағасы бір баррель үшін 32,88 АҚШ долларын құрады. 

"2020 жылғы 10 наурызда базалық мөлшерлеменің 12%-ға дейін артуы нарықтарда үрейдің таралуына алдын ала әсер етті және нарық агенттерінің стратегиясына дер кезінде түзетулер енгізді, бұл пайда болған инфляциялық тәуекелдерді шектеуге және теңгедегі активтердің құнын қорғауға мүмкіндік берді",– дейді реттеуші орган.

Қазіргі сәттен бастап Ұлттық банк еркін бағам белгілеу және инфляциялық таргеттеу саясатына сәйкес тепе-тең бағамның қалыптасуына ықпал етуге ниетті. 
Қажет болған жағдайда қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігімен бірлескен және үйлестірілген шаралар қабылдануы ықтимал. 

Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің базалық мөлшерлеме бойынша кезекті жоспарлы шешімі 2020 жылғы 27 сәуірде Нұр-Сұлтан қаласының уақыты бойынша сағат 15:00-де жарияланатын болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу