Ұлттық Банк базалық мөлшерлемені 16,75% деңгейінде қайта сақтап қалды

Бірақ бірқатар елде инфляция әлі де орнықты күйінде қалып отыр, осыған байланысты дамыған елдердің орталық банктері монетарлық саясатты қатаңдатуда. 

Ұлттық Банк базалық мөлшерлемені 16,75% деңгейінде қайта сақтап қалды Фото: national bank

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Ақша-кредит саясаты комитеті базалық мөлшерлемені +/– 1 п.т. дәлізімен жылдық 16,75% деңгейінде сақтау туралы шешім қабылдады, деп жазады inbusiness.kz.

"Жаһандық инфляциялық қысым бәсеңдеп келеді, бірақ бірқатар елде инфляция әлі де орнықты күйінде қалып отыр. Осыған байланысты дамыған елдердің орталық банктері монетарлық саясатты қатаңдатуда. Қазақстанда инфляцияның жылдық және айлық мәндері де баяулап келеді", – деп хабарлады бас банк. 

Сыртқы секторда қысымның әлсіреуінен дезинфляциялық факторларға қарай аздап ығысқан күйде сақталуда. 

"Алайда, базалық инфляцияның әлсіз баяулауы және инфляциялық күтулердің өсуі байыпты монетарлық саясатты іске асыруды талап етеді. Ұлттық Банктің алдыңғы коммуникацияларына сәйкес, инфляцияның баяулауы болашақта базалық мөлшерлемені біртіндеп төмендетуге жағдай жасай бастады. Осыған байланысты болжамды раунд нәтижелері бойынша қабылданатын келесі шешім аясында Ұлттық Банк базалық мөлшерлемені байыппен төмендетудің орындылығын бағалайды", – деп хабарлады ҰБ. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу