Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 16,75%-ға көтерді

798

Қарашада инфляция 19,6% болды.  

Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 16,75%-ға көтерді Фото: nationalbank.kz

Ұлттық банктің Ақша-кредит саясаты комитеті базалық мөлшерлемеге қатысты шешім қабылдады. Оған сәйкес 16,75%-ға дейін көтерілді, деп жазады inbusiness.kz Ұлттық банк баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ҰБ таратқан ақпаратқа сәйкес, бұл шешім болжамдар мен нақты деректердің талдауына негізделді.

"Оған геосаяси жағдайдың белгісіздігі мен салдары, сондай-ақ әлемде азық-түліктің жоғары бағалары сақталып отырған сыртқы ортаның факторлары негіз болды. Ішкі экономика тарапынан инфляциялық күтудің барынша тарихи жоғары деңгейде болуы, сұраныс пен ұсыныстың теңгерімді болмауы, сондай-ақ импорттың жедел өсуі кезінде сауданың қайта құрылуы байқалады", - делінген ақпаратта.

Сондай-ақ, Ұлттық Банк базалық мөлшерлемені көтеру циклін аяқтауға жақындағанын хабарлады.

"Оның қазіргі деңгейі жеткілікті жоғары деп бағаланады. Базалық мөлшерлемені ұзақ уақыт бойы бүгінгідей мәндерде сақтау инфляцияны тұрақтандыруға және оны орта мерзімді перспективада біртіндеп төмендетуге мүмкіндік береді. Жаңа проинфляциялық күтпеген өзгерістер болмаған жағдайда ақша-кредит саясатын одан әрі күшейту ықтималдығы төмен деп бағаланады" - делінген ақпаратта.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу