Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 9,00 пайызға дейін төмендетті

835

Базалық мөлшерлеме бойынша кезекті шешім 2019 жылғы 3 маусымда жарияланады.

Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 9,00 пайызға дейін төмендетті

Ұлттық банк базалық мөлшерлемені +/- 1 п.т. деңгейіндегі пайыздық дәлізде сақтай отырып 9,00 пайызға дейін төмендету туралы шешім қабылдады.

Жылдық инфляция наурызда нысаналы дәліздің ортасынан төмен болып қалыптасты. Инфляциялық күтулердің төмендеуі жалғасты. Сыртқы секторда бірқатар оң үрдістер байқалып отыр: негізгі сауда әріптестері елдерде инфляцияның бәсеңдеуі, сондай-ақ сыртқы шикізат нарықтарындағы бағаның өсуі.

Сонымен қатар, инфляция құрауыштарының теңгерімсіздігі факторы оның одан кейінгі серпініне қатысты белгісіздігіне әсер етуде. Инфляцияның қосымша өсуі халық табысының өсуін бюджеттік тұрғыдан ынталандырады. Базалық мөлшерлеме бойынша келесі шешім инфляцияның ағымдағы серпінінің және ағымдағы жылға арналған болжамдарының сәйкес келуіне, сондай-ақ 2020 жылға арналған күтулерге қатысты қабылданады.

Жылдық инфляция ағымдағы жылғы наурызда 4,8%-ды (2018 жылғы желтоқсанда 5,3%) құрады.

Экономикадағы ішкі сұраныс халықтың нақты ақшалай кірістерінің (жылдық көрсеткіш бойынша қаңтарда 5,1%-ға) өсуімен, сондай-ақ банк секторындағы тұтынушылық кредиттер портфелі кеңеюінің (жылдық көрсеткіш бойынша ақпанда 13,5%-ға) сақталуыменынталандырылады.

Сыртқы секторда қалыпты-жағымды ая байқалады. Мұнайдың бағасы жоғары деңгейде (жыл басынан бастап BRENT маркалы мұнайдың бір баррель үшін орташа баға деңгейі 64 АҚШ долларын құрады) қалыптасты. Сыртқы монетарлық талаптар базалық мөлшерлеме бойынша алдыңғы қабылданған шешіммен салыстырғанда айтарлықтай өзгерген жоқ, олардың ағымдағы әсері бейтарап ретінде бағаланды.

Базалық мөлшерлеменің төмендеуіне қарамастан ақша-кредит талаптары бейтарап болып қалуда. Базалық мөлшерлеме бойынша ағымдағы шешім 2019-2020 жылдарда 4-6%-дық нысаналы дәліз шегінде қалыптасқан инфляциялық аяны бақылауды сақтауға және әлеуетті мәндер деңгейінде экономикалық өсуге ықпал етуге мүмкіндік береді.

Базалық мөлшерлеме бойынша кезекті шешім 2019 жылғы 3 маусымда Нұр-Сұлтан уақыты бойынша сағат 17:00-де жарияланады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу