Ұлттық банк базалық мөлшерлемені әзірге төмендетпейді

182

Ұлттық банк әзірге базалық мөлшерлемені төмендетуді жоспарлап отырған жоқ, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.  

Ұлттық банк базалық мөлшерлемені әзірге төмендетпейді Фото: ЖИ

Бұл туралы Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов брифинг барысында мәлімдеді.

Оның айтуынша, елдегі инфляция қарқыны біршама баяулағанымен, көрсеткіш әлі де күткен деңгейге жеткен жоқ.

"Инфляция төмендеп келеді, алайда бұл біз болжаған қарқын емес. Әсіресе, ай сайынғы инфляцияға қатысты тәуекелдер сақталып отыр. Бұған қоса, көрші мемлекеттердегі жанар-жағармай нарығындағы ахуал да тұрақсыз. Біз инфляцияның әрі қарай төмендеп, базалық мөлшерлемені тағы қысқартуға мүмкіндік туғанын қалар едік", – деді Тимур Сүлейменов.

Еске сала кетейік, 5 маусымда Ұлттық банк инфляцияның бәсеңдеуіне байланысты базалық мөлшерлемені 18 пайыздан 17 пайызға дейін төмендеткен болатын.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу