Ұлттық банк базалық мөлшерлемені төмендетті

992

Ұлттық банк базалық мөлшерлемені төмендетті

Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 9,25% деңгейіне дейін төмендетті, деп хабарлайды бас банктің баспасөз қызметі.

16 сәуірде Ұлттық банк пайыздық мөлшерлемелердің симметриялық дәлізін +/-1% мөлшерінде сақтай отырып, базалық мөлшерлемені 9,25%-ға дейін төмендету туралы шешім қабылдады. Тиісінше, өтімділік беру операциялары бойынша мөлшерлемелер - 10,25%, ал өтімділікті алу операциялары бойынша 8,25% болды. Бұл туралы бүгін Алматы қаласында телевизиялық БАҚ-қа арналған брифингте сөйлеген сөзінде Ұлттық банк төрағасы Данияр Ақышев хабарлады.

Ол ресми қайта қаржыландыру мөлшерлемесі 9,25%-ға дейін төмендетілгенін атап өтті.

"Бұл базалық мөлшерлеменің осы жылы үшінші төмендеуі. Бұл шешім орта мерзімді бағалауға негізделді, онда инфляцияның ағымдағы жылдың соңына дейін және келесі жылы баяулауы, төмендейтін инфляциялық күтулер, сондай-ақ сыртқы нарықтарда тұтастай алғанда жағымды ахуалдың сақталуы болжанды", - деді Ақышев.

Ол алдыңғы аптада Ресейдің қор және валюта нарықтарындағы құбылмалылыққа қарамастан, сыртқы сектордың орта мерзімді кезеңде іргелі факторларының әсері оң деп бағаланатынын атап өтті.

Базалық мөлшерлеме бойынша кезекті шешім 2018 жылғы 4 маусымда Астана уақытымен сағат 17:00-де жарияланатын болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу