Ұлттық банк базалық мөлшерлемені төмендету бойынша шешімін жариялады

384

Базалық мөлшерлемені төмендету циклі ұзақ болуы мүмкін.

Ұлттық банк базалық мөлшерлемені төмендету бойынша шешімін жариялады Фото: inbusiness.kz

Ұлттық банк базалық мөлшерлемені +/– 1 п.т. дәлізімен жылдық 15,25 пайызға дейін төмендету туралы шешім қабылдады, - деп хабарлайды inbusiness.kz сайты ҰБ мәліметіне сілтеме жасап.

"Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Ақша-кредит саясаты комитеті базалық мөлшерлемені +/– 1 п.т. дәлізімен жылдық 15,25 пайызға дейін төмендету туралы шешім қабылдады", - делінген хабарламада.

Жылдық инфляция 2023 жылдың аяғына қарай бір таңбалы мәнге жеткен.

"Айлық инфляция желтоқсанда орташа жылдық мәндерден біршама жоғары болды. Сыртқы инфляциялық процестер азық-түліктің әлемдік бағасының төмендеуі мен орталық банктердің тежеу саясатына байланысты қолайлы қалыптасуда. Фискалдық ынталандырумен қамтамасыз етілген орнықты ішкі сұраныс, сондай-ақ жоғары және тұрақсыз инфляциялық күтулер тарапынан ішкі экономикада инфляциялық қысым сақталып отыр", - делінген ҰБ хабарламасында.

Базалық мөлшерлеме бойынша бұдан кейінгі шешімдер инфляцияның динамикасына және оның болжамды траекториясына қаншалықты сәйкес келетініне байланысты болады.

"5 пайыздық инфляция бойынша мақсатқа жету үшін ұстамды қатаң ақша-кредит шарттарын сақтау қажет. Ұлттық Банк экономикадағы ақпараттар легін қадағалап отыратын болады және күтпеген өзгерістер болмаса, базалық мөлшерлемені өзгертуді тоқтата тұруды жоққа шығармай, оны кезең-кезеңімен төмендетуді жалғастырады. Сонымен бірге мөлшерлемені төмендету циклі ұзақ болуы мүмкін", - делінген хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу