Бұл туралы Ұлттық Банк Төрағасының орынбасары Ақылжан Баймағамбетов мәлім етті, деп хабарлайды inbusiness.kz.
"ҚҰБ Үкіметпен бірлесіп инфляция деңгейін бақылау және төмендету шаралары кешенін әзірлеген болатын және ол қазір де жүзеге асырылып жатыр. Құжатта – өндіріс көлемін ұлғайту, сақтау, тауарлар мен көлік логистикасы, тауарлардың бөлшек саудасы, бағаны бақылау, монополияға қарсы және сыртқы сауданы реттеу, жүйелі шаралар сияқты негізгі бес бағыт бойынша жұмыс қарастырылған" – деді спикер.
Сондай-ақ, Үкімет әлеуметтік маңызы бар өнімдерге бағаны тұрақтандыру жұмыстарын да жүргізіп отыр.
"Үкіметтің инфляцияны бақылау тәсілін атаулы әлеуметтік көмекке өзгерту мәселесін талқылау басталды. Осылайша, субсидиялар мақсатты бола алады, ал тауарларды жеткізу мен өндірістің табыстылығы айтарлықтай серпін алады. Яғни, бәсеке мен сұраныс арқылы баға тұрақтандырылу керек", – дейді Ақылжан Баймағамбетов.
ҚҰБ 2023 жылы инфляцияны төмендету, 2025 жылдан бастап орта мерзімді мақсаттарды орындау үшін сұранысты ұсыныспен теңгерімді ету арқылы ақша-кредит шарттарын күшейтіп отыр.
"Төмен инфляция деңгейін таргеттеп, оған қол жеткізе білу қажет. Бұл макроэкономикалық тұрақтылықты қамтамасыз етіп қана қоймай, шаруашылық жүргізуші субъектілердің инфляциялық күтулерін мақсатты көрсеткішке жақындатады", – деп түйіндеді спикер.