Ұлттық банк инфляциялық таргеттеу саясатын ұстануды жалғастырады

Базалық мөлшерлеме бойынша кезекті шешім 2023 жылғы 24 ақпанда жарияланады. 

Ұлттық банк инфляциялық таргеттеу саясатын ұстануды жалғастырады Фото: google

Бұл туралы Ұлттық банк төрағасы Ғалымжан Пірматов мәлім етті, деп жазады inbusiness.kz.

"Биыл инфляциялық қысымның төмендеуін күтеміз. Бұған 2022 жылы базалық мөлшерлемені көтерудің оң әсері ықпал ететін болады. Біздің 2023 жылғы негізгі міндетіміз – инфляцияны тұрақты түрде төмендету, орта мерзімді перспективада нысаналы бағдар деңгейіне қайтару.  Базалық мөлшерлеме жөніндегі келесі шешім болжамдық раунд нәтижесінде қабылданады. Болжамды раунд кезінде біз болжамдар мен бағалауларымызды жаңартамыз", – деді Пірматов.

Айта кететіні, базалық мөлшерлеме бойынша кезекті шешім 2023 жылғы 24 ақпанда жарияланады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу