Ұлттық банк: Қараша айында 3 400-ден астам алтын құйма сатылды

1145

2021 жылдың қараша айында екінші деңгейлі банктер мен жекелеген банктік емес айырбастау пунктері жалпы салмағы 129,2 келі 3 401 алтын құйманы сатты, деп хабарлайды inbusiness.kz бас банктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ұлттық банк: Қараша айында 3 400-ден астам алтын құйма сатылды

Халыққа тазартылған алтын құймаларды сату және сатып алу бағдарламасын Ұлттық банк 2017 жылы іске қосқан болатын. Бағдарлама қолға алынғалы жалпы салмағы 2,6 тоннаға жуық 71 631 алтын құйма сатылған.

Алтын құймалар бес түрлі салмақта ұсынылады (5, 10, 20, 50 және 100 г). Сатып алушылар арасында өте жоғары сұранысқа ие түрі – 10 грамдық алтын құйма. Жалпы сатылған құймалар арасында оның үлесі – 28%, яғни 19 816 дана. Одан кейін 100 грамдық құйма сұранысқа ие, 15 911 дана (22%) сатылған, 20 грамдық құймадан 13 779 дана (19%), 5 грамдық құймадан 12 367 дана (17%), 50 грамдық құймадан 9 758 дана (14%) сатылды. Алтын құймалар Алматы, Нұр-Сұлтан және Атырау қалаларында көп сатылады.

Бағдарлама басталғаннан бері екінші деңгейлі банктер мен жекелеген банктік емес пунктер жалпы салмағы 257 келі 10 538 алтын құйманы кері сатып алған, бұл – жалпы сатылған алтын құймалардың 15%-ы. Олар кері сатып алған алтын құймалардың барлығы дерлік Ұлттық банктің филиалдары арқылы халыққа сатылады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу